Қостанай ауданы – өңірдегі спортты дамыту бойынша көшбасшылардың бірі

Жыл сайынғы прогресс – жұмыстың прагматикалық тәсіліне, басқару құрылымының жүйелілігіне және қаржыландырудың тиімділігіне тікелей байланысты, “Наш Костанай” хабарлайды

Ауданда бұқаралық спортты дамыту міндеті кешенді түрде қарастырылып, инфрақұрылымды жаңарту, кадр дайындау, жас спортшыларға қолдау көрсету бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді.

Өткен спорттық жыл қалай өткені, қандай жұмыс атқарылғаны және жақын болашақтағы жоспарлар туралы Қостанай ауданы әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Әділет Жиенғали кеңінен баяндап өтті.

-Әділет Алпыспайұлы, бүгінде аудан халқының спорт пен дене шынықтыруға тартылу деңгейі қандай?

– Ауданда шамамен 74 мың адам тұрады, оның 46%-ы спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл көрсеткішке балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері де кіреді. Жалпы саны – 34 157 адам. Соңғы жылдары бұқаралық спортқа деген қызығушылық айқын өсіп келеді, бұл – жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижесі.

Спортшылардың да дайындық деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Мысалы, 2022 жылы біздің аудан облыстық спартакиадада тоғызыншы орын алса, 2023 жылы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға көтерілдік. Ал 2024 және 2025 жылдары біз сенімді түрде екінші орыннан көрініп келеміз, аз ғана айырмашылықпен Қостанай қаласына жол беріп отырмыз. Спартакиада 38 жыл өтсе де, мұндай нәтиже бұрын-соңды болмаған. Спартакиада 22 спорт түрін қамтиды және біз бүгінде барлық бағыт бойынша толық құрамда өнер көрсетеміз. Бұл – аудан спортындағы жүйелі дамудың айқын көрінісі.

– Соңғы екі жылда Қостанай ауданында қанша спорттық іс-шара өтті?

– 2024 жылы біз мыңға жуық түрлі жарыстар мен іс-шара өткіздік. Ал 2025 жылы қараша айының басына дейін 1182 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Біз жарыстар санын арттыру арқылы балалардың да, ересектердің де тәжірибе жинауына жағдай жасап келеміз. Мысалы, осы айдың соңында 2012-2013 жылы туған спортшылар арасында Tobyl Open ашық аудандық дзюдо турнирі өтеді. Аудан әкімдігінің қолдауымен бұл жарысқа Олимпиада чемпионы Елдос Сметов келеді. Турнирге республика бойынша 300-ге жуық жас дзюдошы қатысады. Жекпе-жектер «Астана» спорт кешенінде өтеді, барлық дзюдо жанкүйерлерін шақырамыз.

– Аудан спортшыларының қаншасы облыс құрамасына немесе Қазақстан ұлттық құрамасына енген?

– Бүгінде облыс құрамасында да, ұлттық құрамада да біздің ауданның спортшылары бар. Мысалы, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасында – Лаура Әлмағамбетова. Белбеу күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері – Данияр Қункубаев. Сонымен қатар Талғат Жиентаев, Динара Қуджулова және басқа да жетістігі жоғары спортшылар бар. Олар аудан намысын ғана емес, бүкіл өңірдің атын шығарып жүр.

– Биыл қандай спорт нысандары салынды немесе жөндеуден өтті?

– Биыл «Астана» спорт кешенінде дзюдо залы ашылды. Бұған дейін көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылған болатын, онда қазір бірнеше спорт түрі бойынша жаттығулар жүргізіледі. Сонымен қатар, материалдық-техникалық база да кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Жоспарда «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарында ірі спорт кешенін салу бар. Құрылысы желтоқсанда басталады. Бұл нысандар тек спортшыларға ғана емес, қарапайым тұрғындарға да қолжетімді болады.

– Ауылдарда спорт секцияларының қолжетімділігі қандай деңгейде?

– Қостанай ауданында 15 ауылдық округ бар, олардың әрқайсысында спорт нұсқаушылары жұмыс істейді. Олар халықпен жұмыс істеп, аудандық жарыстарға қатысатын командалар құрайды. Жаттығулардың басым бөлігі ауыл мектептерінің спорт залдарында ұйымдастырылады. Бұл ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызады.

– Ауылдардағы спорт инфрақұрылымы қаншалықты дамыған?

– Бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мысалы, Заречное ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Онда Заречное ғана емес, Мичурин ауылынан да балалар келіп жаттығады. Жыл сайын жаңа нысандар ашылып, бар ғимараттар жаңарып жатыр. Бұл – ауылдағы балаларға да үлкен мүмкіндік.

– Жастар мен балаларды спортқа тартуға арналған арнайы бағдарламалар бар ма?

– Ауданда үш спорт мектебі бар. Біреуі – Тобыл қаласында, екіншісі – Заречный ауылында, онда ұлттық спорт түрлері дамытылады. Үшінші мектеп Садовое ауылының маңында орналасқан, мұнда балалар гольфпен айналысады. Үш мектепте шамамен 1300 бала жаттығады.Сонымен қатар, облыстық «Дамубала» бағдарламасы бойынша 718 бала спортпен жүйелі түрде шұғылдануда. Бұл бағдарлама ауылдық жерлердегі балаларға да қосымша мүмкіндік береді.

-18 жасқа толғаннан кейін спортшылардың жолы қалай жалғасады?

– Жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар облыстық спорт басқармасына қарасты жоғары спорт шеберлігі мектебіне қабылданады. Ол жақта олар жарыстарға қатысу үшін командировкалар, қажетті қаржыландыру алады. Егер Қазақстан құрамасына енсе, ай сайын жалақы тағайындалады. Біз ауданның ересек спортшыларын да қолдауға тырысамыз – инвентарь, жабдық, форма жағынан көмек көрсетеміз. Бұл олардың жаттығуын жалғастыруына мүмкіндік береді.

– Соңғы жылдары қандай спорт түрлері қарқынды дамып келеді?

– Солардың бірі – дзюдо. Бұрын ауданымызда дзюдо болмаған. Биыл аудан басшылығының қолдауымен Заречное, Александровка және Тобылда үш дзюдо залы ашылды. Алдағы жоспар – Айсары ауылында тағы бір зал ашу. Бұл – дзюдоға қызығушылығы бар балалар үшін үлкен мүмкіндік.

– Дарынды жастармен жұмыс қалай жүргізіледі?

– Жоғарыда айтқанымдай, мықты спортшылар алдымен облыс құрамасына іріктеледі, кейін республикалық жарыстарда өнер көрсетеді. Осы тұста қазақ күресі бапкері Талғат Кенесовтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Оның жетекшілігімен Қостанай ауданынан бірнеше жас облыс құрамасына өтті. Кейін олардың төртеуі жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында төрт бірдей алтын медаль алды. Бұл – елімізде бұрын болмаған жетістік. Осы еңбегі үшін Кенесов жастар құрамасының жаттықтырушылар штабына қабылданды. Алдағы жылдары оның шәкірттері әлі талай биік белестерді бағындырады деп сенемін.

– Инфрақұрылымнан бөлек, қазіргі таңда қандай мәселелер өзекті?

– Ең бастысы – білікті кадрлар және олардың кәсіби дамуы. Спорт бір орында тұрмайды, сондықтан әр жаттықтырушы үнемі жаңалықтарды меңгеріп, білімін жетілдіріп отыруы керек. Бұл бағытта семинарлар, курстар, оқыту бағдарламаларына қатысу аса маңызды.

– Келесі жылға қандай міндеттер қойылып отыр?

– Біз халықтың бұқаралық спортқа тартылу көрсеткішін арттырғымыз келеді. Өскелең ұрпақтың дамуына және олардың ішкі және халықаралық аренада табысқа жетуіне жағдай жасаймыз. Аудан әкімі Олжас Нұрғалиев спортты дамытуға үлкен қолдау көрсетіп келеді.

– Спорт клубтарымен және федерациялармен жұмыс жүргізіле ме?

– Әрине. Біз барлық федерациялармен тығыз байланыстамыз. Олардың жоспарларын, қажеттіліктерін біліп, туындаған мәселелерді бірге шешеміз. Бұл – спорт саласындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Асхат НҰРТАЗИН,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО

Редактор

Recent Posts

«Внушительные 196 лет»: секреты династии педагогов из Озерного Костанайского района

Общий педагогический стаж этой большой семьи, которая подарила стране учителей, психологов и директоров, составляет 196…

1 день ago

Костанайский район среди других районов области лидирует по объемам производства говядины

Примерно половину дают частные подворья, вторую – сельхозпредприятия, передает "Наш Костанай" (далее…)

2 дня ago

Жителям Заречного и Тобыла Костанайского района начали подавать воду на необеспеченные участки

Масштабный проект по водоснабжению подходит к завершению. На каких-то улицах подрядчики еще ведут пусконаладочные работы,…

3 дня ago

Жителям Заречного и Тобыла Костанайского района начали подавать воду на необеспеченные участки

Масштабный проект по водоснабжению подходит к завершению. На каких-то улицах подрядчики еще ведут пусконаладочные работы,…

3 дня ago

72 класса в Костанайском районе переведены на дистанционное обучение из-за болезни учеников

Все заболевшие находятся в Заречном и Тобыле, передает "Наш Костанай" (далее…)

4 дня ago

В пяти селах Костанайского района обещанные антенно-мачтовые сооружения построят в 2026 году

Из 492 населенных пунктов области 372 уже имеют хорошую связь, остается часть сел, где качество…

1 неделя ago

This website uses cookies.