Жоғарғы сынып оқушылары — мектептегі достық пен түсіністік елшілері
Мичурин жалпы білім беру мектебінде оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, келіспеушіліктерді реттеу және мектептегі ахуалды оңтайландыру мақсатында жаңа медиация қызметі құрылды. Бұл қызмет арқылы жоғарғы сынып оқушылары медиация еріктілері ретінде кіші сынып оқушыларына көмектесуге атсалысады.
Медиация — адамдар арасындағы түсініспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге бағытталған тәсілдердің бірі. Мектепте бұл қызметтің ұйымдастырылуы арқылы оқушылар өзара жанжалдарды реттеп, мейірімділікке және өзара қолдау көрсетуге бейімделеді. Бұл, әсіресе, қазіргі кезеңде өте маңызды, себебі мектеп ортасы балалардың рухани қалыптасуында үлкен рөл атқарады.
Мектеп психологының айтуынша, медиация қызметі бұрыннан бар болғанымен, облыстық жобаға қатысқаннан кейін оның ауқымы арта түсті. Қазір бұл қызметте бес ерікті бар, және олар кіші сынып оқушыларымен тығыз жұмыс істеуде. Психолог:
“Жанжалдар көп болған жоқ, бірақ кейбір түсініспеушіліктерді шешуде медиаторларымыз — жоғарғы сынып оқушылары мен психологтардың көмегі зор. Еріктілер мектептегі әртүрлі ойындар мен іс-шараларды ұйымдастырады, бұл балалардың конфликтке уақытын жібермей, достық қарым-қатынас орнатуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, еріктілермен ай сайын кездесулер өткізіліп, жанжалдарды тиімді шешу жолдары талқыланады” — деп Мичурин жалпы білім беретін мектебі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерасыл Қазыбаев атап өтті.
Медиацияның негізгі элементтерінің бірі — психологтың бөлмесінде орналасқан “достық орындығы”. Бұл орындықта балалар өздерінің уайымдары мен жанжалдарын ашық айта алады және медиация еріктілерінен қолдау табады. “Достық орындығы” — бұл тыңдау мен түсіну мәдениетін дамытатын символдық құрал, әрі мектептің ерекше психологиялық климатының бөлігі болып табылады.
Медиация мектебінің еріктісі Інкәр Әлімжан өзінің осы қызметке қатысуы жайлы былай дейді:
“Медиацияға қатысқаныма бір жарым-екі жылдай болды. Тек медиатор ретінде емес, мектеп парламентінің президенті ретінде де әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырамыз. Әр жиналыста кейстерді шешіп, оқушылар арасындағы түсініспеушіліктерді қалай шешуге болатынын талқылаймыз. Бізде тоғызыншы және оныншы сынып оқушылары да осы бастамаға қатысып жүр.”
Еріктілердің рөлі — көшбасшылық пен жауапкершілікті дамыту. Жоғарғы сынып оқушыларының медиация еріктілері ретіндегі рөлі өте маңызды. Олар кіші оқушыларға қолдау көрсету арқылы көшбасшылық қасиеттерін дамытып, болашақ өмірде өздерінің жеке тұлғалық қабілеттерін шыңдайды. Сонымен қатар, еріктілер өзара келісім мен жанжалдарды реттеуге қатысты арнайы тренингтерден өтеді, бұл олардың өмірлік дағдыларын дамытады.
Бұл бастама мектептегі барлық оқушылардың түсіністік пен сыйластық қағидаларын меңгеруіне септігін тигізеді. Балалар тек медиация еріктілерінен көмек алумен шектелмей, өздері де келісімге келуді үйреніп, дағдыларын қалыптастырады. Осы арқылы олар болашақта азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершілікті арттыруға дайын болмақ. Мичурин мектебіндегі медиация қызметі оқушылардың бір-біріне құрметпен қарауын, мейірімділік пен қолдаушылық ортасын құруын қамтамасыз ететін маңызды қадамдардың бірі. Мұндай бастамалар балалардың жан-жақты дамуына және достық пен келісімді өмірлік ұстанымдарына айналдыруға ықпал етеді.
«Медиациялық мектептердің қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жанашыр бол» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылуда.
Аяжан СЕРІК, суретті түсірген Нуржан СМАИЛОВ
Соревнования носят имя великого просветителя Ибрая Алтынсарина (далее…)
Производство здесь было остановлено десятки лет назад, и сейчас на этом месте остались лишь руины…
В результате незаконно было присвоено 720 тысяч тенге. Эти деньги уже вернули в бюджет. (далее…)
В рамках проекта «Услуги по организации работы в рамках ресоциализации и реабилитации граждан, освободившихся из…
В соревнованиях выступали юноши и девушки разных возрастных групп (далее…)
Детские машинки на свежем асфальте около одного из домов по ул. Абая - как символ…
This website uses cookies.